Архив событий

13/03/2017

Хабарландыру, ішкі конкурс жарияланады

13/03/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:

Сырдария аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

13/03/2017

Сырдария аудандық сотында медиация институтын дамыту және жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізу аясында дөңгелек үстел өткізілді.  

Іс-шараға аудандық прокуратура және жергілікті полиция қызметінің өкілдері, адвокаттар, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Азаматтық іс бойынша брифинг өтті

13/03/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья Г.Тиштикбаева жүргізді.

Шара барысында судья шағым беруші С-ның жеке сот орындаушының 08.12.2016 жылғы қаулысының күшін жоюды сұраған азаматтық ісі бойынша ақпарат берді.

Арал аудандық сотында «Пробация туралы» заңды қолдану аясында дөңгелек үстел өткізілді

13/03/2017

Арал аудандық сотында сот төрағасы Е.Тұрбаевтың төрағалық етуімен дөңгелек үстел өткізіліп, онда Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңын қолдануға қатысты сұрақтар талқыланды.

Шараға аудандық соттың судьялары, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің және пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

«Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

13/03/2017

 Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Қызылорда қалалық соты қызметкерлері мен бірлесіп «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда қаласында орналасқан екінші деңгейлі банк өкілдері, Қызылорда қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы ММ, Қазақтелеком АҚ, Үкіметтік емес ұйымдар, заңды тұлғалар өкілдері және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. 

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

13/03/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Брифингте сотпен қаралған, ішкі істер органы қызметкерлерімен сотталушы А. аса ірі мөлшердегі есірткі затын арнайы дайындалған адамға сату кезінде ұсталған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

13/03/2017

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық сотының төрағасы міндетін атқарушы А.Молдабекова қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

13/03/2017

2017 жылдың 31 наурызында сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өтедіндігі хабарланады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

Қосымша ақпараттар алу үшін (8-336-22) 7-38-55 телефон номеріне хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Байқоңыр қаласы, Максимова көшесі, 17 «а» үйі.   

5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

13/03/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Т. Жаңақорған кенті, А.Иманов көшесінің бойында автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, жәбірленуші А-ның автокөлігіне соғып, мүліктік залал келтіріп, ҚР Жол жүрісі қағидасының 2-бөлімінің 4.2-тармағының талаптарын бұзған.

Сот қаулымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы баппен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Жол-көлік оқиғасын жасап, материалдық шығын келтіргені үшін жауаптылық

13/03/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  азамат Е. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Әйтеке би кенті М.Шоқай көшесімен жүріп келе жатып, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай, басты жолмен жақындап қалған азамат Ә-нің басқаруындағы автокөлігімен соқтығысып, көше бойындағы темір қоршауға және автокөлікке материалдық залал келтірген.

Қайтыс болу туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтау

13/03/2017

Қармақшы аудандық сотында қайтыс болу фактісін анықтау жайлы азаматтық іс қаралды.

Арыз беруші Ш., өз арызында өзінің әкесі Ш., 1990 жылы 2 қыркүйекте науқастанып үйінде қайтыс болғанын, ол жөнінде дәрігерлік анықтама алмағандығын, сол себепті АХАТ бөлімі әкесінің қайтыс болғандығын тіркеуден бас тартқанын, сондықтан қайтыс болу туралы фактісін анықтауды сұрайтынын көрсеткен.

Сот, арыз беруші Ш-ның арызын қанағаттандырып, әкесі Ш-ның қайтыс болу фактісін анықтады.                                           

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

13/03/2017

Шиелі аудандық сотына талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ талап арыз беріп, онда жауапкер О-дан пайдаланған телефон қызметіне қарыз сомасы 10333 теңге және талап қоюшымен төленген мемлекеттік баж алымын өндіруді сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, жауапкер О. байланыс қызметін пайдаланғаны үшін «Қазақтелеком» АҚ-на 10333 теңге қарыз болған.

Жауапкерге бірнеше мәрте қарызын төлеу туралы талапкер тарапынан хабарламалар жолданған, алайда  жауапкер қарыз сомасын уақытылы төлемеген.

Орман қорына кіретін бұталарды заңсыз сындырған

13/03/2017

Жалағаш аудандық сотында сотталушы Д. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс бойынша сотталушы Д. Жалағаш ауданы, Аққыр ауылының маңында өсіп тұрған сексеуіл өсімдігін заңсыз сындырып, 0,5 куб сексеуіл бұтасын қапқа салып алып, мемлекетке жалпы құны 5 672 теңге мүліктік зиян келтірген.

Автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жауаптылыққа тартылды

13/03/2017

Байқоңыр қалалық сотында Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғаны, Т. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, Төретам кенті Б.Момышұлы көшесі бойында, көлік құралын алкогольді масаң күйінде басқарған.

Сот қаулысымен сотталушы Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Есірткі затын заңсыз иемденіп сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

13/03/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азамат Р-ны тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен оны жеке қарау кезінде, қалтасында темекінің қағазына оралған салмағы 0,20 есірткі заты алынған, яғни ол кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.

Сот отырысында  сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, өзінің айыбын мойындаған жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденді.