Архив событий

11/03/2017

Сот қызметкерлері сенбілікте

11/03/2017

Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ.

Бүгін Қызылорда облыстық сотында сенбілік ұйымдастырылды.

Сот қызметкерлері сот  ғимаратының  ауласына тазалау жұмыстарын жүргізді. Олар  ғимарат аумағын сыпырып, қоқыстардан тазартты.

Әрбір адам айналадағы ортаны жақсарта түсуге, туған өлкемізді көгалдандырып, барынша таза ұстауға қолынан келгенше үлесін қосуы тиіс.

Қызылорда облысы соттарында сенбілік өткізілді

11/03/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы сенбілік өткізді. Шара барысында қызметкерлер сот мәжіліс залын, кеңсе кабинеттерін тазалап, қабырғаларын әктеп,  белсенді жұмыс жасады.

Сенбілік соңында кеңсе меңгерушісі М.Асанова осындай сенбіліктер алдағы уақытта жиі өткізіліп тұруы қажет екенін атап өтті.