Архив событий

30/03/2017

Қызылорда қалалық сотында іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

30/03/2017

Азаматша Ш. сотқа жауапкерден қарыз сомасын өндіру  туралы арыз келтірді.

Тараптардың арасында нотариалдық тәртіпте бекітілген келісім болғандығы, ол бойынша талапкер жауапкерге банктен несие рәсімдеп ақша алып бергендігі, жауапкер мерзімінде төлеп тұруға міндеттенгендігі  анықталды. Алайда, несие төлеу мерзімінің аяқталуына аз уақыт қалғанда жауапкер банк алдындағы қарызын төлемей қояды. Сол себепті, талапкер сотқа жүгініп, қарызын өтеуді талап еткен. 

Сырдария аудандық сотында сот қызметкерлеріне арналған семинар сабақ өтті

30/03/2017

Сырдария аудандық сотының кеңсе қызметкерлері арасында «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі жаңашылдықтарды түсіндіруге арналған семинар өтті.   

Іс-шараға аудандық сотының кеңсе мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев «Төрелік» бағдарламасындағы кіріс –шығыс құжаттарын тіркеу, оларды тиісті құжаттармен байланыстыру, шығысталған құжаттарды тіркеу, тізімін әзірлеу, ШПИ бөлігін толтыру тәртібіне түсіндірме жүргізді.

«Ашық есік күні» өткізілді

30/03/2017

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Шараның өткізілетіні туралы алдын-ала аудандық «Толқын» газетінде хабарлама жарияланған болатын.

Қабылдауға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев  қабылдады.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Арал қаласының тұрғыны Б.Ускеева болып, талап арызды жазу тәртібі мен оған қоса берілетін құжаттардың тізбесіне қатысты сауалдарын қойды. 

Қойылған сауалдарға сот төрағасы заңнама талаптарын түсіндіре отырып, жауап берді

Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

30/03/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья М.Оспанов жүргізді.

Шара барысында судья ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен азамат С-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Сот бұзақылық фактісі бойынша медиативтік келісімді бекітті

30/03/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен айыпталған Р-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Р. Арал қаласының теміржол вокзалының перронында орналасқан өзінің танысымен сөзге келіп қалып, жұдырығымен оның бетінен бір рет ұрып, ол жерге құлаған уақытта ішінен аяғымен бірнеше рет теуіп, қоғамдық тәртіпті анық құрметтемеушілікпен көрінетін, азаматтарға күш қолданумен ұрып-соғып бұзақылық жасап, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Еріксіз емдеуге жіберілді

30/03/2017

Жалағаш аудандық сотында арызданушы Жалағаш аудандық орталық ауруханасының алкоголизммен ауыратын науқас Б-ны наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында сарапшының қорытындысына бойынша азамат Б. алкоголизмнің ІІ сатысымен ауыратыны, алты айға наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберуді қажет ететіндігі анықталды.

Соттың шешімімен Б-ны 6 ай мерзімге наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арыз қанағаттандырылды.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

30/03/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А. Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының алдында, яғни қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сырдария аудандық сотында жедел кеңес өткізілді

30/03/2017

Сырдария аудандық сотының судьялары мен сот мамандарының қатысуымен жедел кеңес  өткізілді.

Жедел кеңесте сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, материалдық, процессуалдық заң нормаларының қолданылуы, сот актілерінің жазылу сапасы және сот актілерінің орындалу барысы талқыланды.

Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

30/03/2017

Талапкер «Ф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 50 568 000 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар өзара татуласу келісіміне келіп, соттан оны бекітуді сұрады.

ҚР АПК-нің 277-бабының 5-тармағына сәйкес, сот егер тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Соттың ұйғарымымен тараптардың татуласу келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Отбасының тыныштығын бұзғаны үшін қамаққа алынды

30/03/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімішілік іс қаралды.

Сотта, құқық  бұзушы  Ж. Ақай ауылында орналасқан өз үйінде, масаң күйде әйеліне былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, жанұясының тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен құқық  бұзушы Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.      

Баласын оқыту міндеттерін орындамаған ана заң алдында жауап берді

30/03/2017

Қазалы  аудандық сотында азаматша Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, орта мектептің 9 сынып оқушысы 2016-2017 оқу жылы аралығында, яғни 74 сабақ көлемінде дәлелді себептерсіз сабақтан қалғаны анықталған. Осы дерек бойынша оның анасына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылып, әкімшілік іс қозғалған.