Архив событий

01/03/2017

Қылмыстық сотта «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/03/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбы  бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, судья А.Сабыров, Қызылорда облыстық прокуратурасының прокурорлары Ж.Нұрашев, Е.Жоланов  және сот қызметкерлері  қатысты.

Жаңақорған аудандық сотында өңірлік семинар өтті

01/03/2017

Жаңақорған аудандық сотында «Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі №6 нормативтік қаулысын талқылау» тақырыбында өңірлік семинар сабағы өткізілді.

Семинарда Жаңақорған аудандық сотының төрағасы мен судьялары, Шиелі аудандық сотының судьялары А.Жолдыбаев, Г.Құрманбай, А.Түбекбаевалар қатысты.

Әкімшілік заңнамаға қатысты семинар өтті

01/03/2017

Байқоңыр қалалық сотында «Өзекті мәселелерді қарау барысында іс қозғау және әкімшілік құқық бұзышылықтар туралы» тақырыпқа семинар өткізілді.

Шараға сот судьялары, сот қызметкерлері, Байқоңыр қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

01/03/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті.

Шара барысында судья Қ.Мыханов ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен, 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат Т-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Жол қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы

01/03/2017

Байқоңыр қалалық сотында азамат Л-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 

Сот отырысында анықталғандай, құқық бұзушы Л. автокөлігімен Төретам кенті Ғ.Мұратбаев көшесінде, қарама-қарсы бағытта жүріп келе жатқан жүргізуші Д-ның басқаруындағы автокөлігіне соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде, аталған автокөлікке материалдық залал келтiрген.

Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асырудың белсенді кезеңі

01/03/2017

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба іске қосылды.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамаққа алынды

01/03/2017

Шиелі аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат М., автокөлік құралын жүргізу құқығы жоқ тұлға бола тұра, Шиелі кенті А.Яссауи көшесінің бойында автокөлікті алкогольді масаң күйінде басқарған.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

01/03/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Заңына байланысты семинар сабағы өткізілді. Іс шараға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов қатысты. 

Қылмыстық іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

01/03/2017

 Қазалы аудандық сотында сотталушы П-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы П. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші Г-ның қол сумкасын жасырын жымқырып,  жәбірленушіге 6 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Басты сот талқылауында, сотталушы мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара татуласып, келісімге келіп, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

01/03/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

01/03/2017

Талапкер «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы жауапкер «Қ» мемлекеттік мекемесінен 122 276 теңге қарыз соммасын өңдіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарынан анықталғандай, жауапкер «Қ» мемлекеттік мекемесі байланыс қызметін пайдаланғаны үшін, «Қазақтелеком» АҚ-на 122 276 теңге қарыз болған.

Жауапкерге бірнеше мәрте қарызын төлеу туралы талапкер тарапынан хабарламалар жолданған, алайда жауапкер қарыз соммасын уақытылы төлемеген.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

01/03/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья Г.Тиштикбаева жүргізді.

Шара барысында судья Қазақстан Республикасы ҚК-нің  106-бабының 3-бөлігімен сотталған А-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. алкогольдік масаң күйде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс жасаған. Яғни, сотталушы А. марқұм Н-ны ұрып, теуіп, ауыр дәрежелі дене жарақатын салған.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

01/03/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. Тереңөзек кенті, Жарекеев көшесінің бойына күл-қоқыс салынған коммуналдық қалдықтарды тастап, ұсақ құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

01/03/2017

Жалағаш аудандық соты құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік істі қарады.                                 

Құқық бұзушы Ж. кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін, табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған, алимент бойынша берешегі 1 000 662 теңгені құраған.                                                          

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ж. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, екі  тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.   

Күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

01/03/2017

Арал аудандық сотының тергеу судьясы, санкцияланған «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту жөніндегі Арал аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісінің өтінішін қанағаттандырды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат И. қылмыстық ізге түсу органымен аса ауыр санаттағы қылмыс жасағаны, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қазаға ұшыратқаны үшін сезікті ретінде танылып, сот қаулысымен оған қатысты екі айға дейінгі мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.