Архив событий

15/03/2017

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/03/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 2 және 3 тармақтарымен айыпталған Б-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Б. Арал қаласы, Баймбетов көшесінде тұратын азамат Т-ның үйінің ауласына кіріп, бөтен мүлікті жасырын ұрлау мақсатында, кіре беріс есіктің құлпын бұзу жолымен сарайға заңсыз кіріп, сарай ішінде тұрған қазанды және жәбірленушінің басқа да заттарын жасырын ұрлап, оған жалпы сомасы 30 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Көші-қон заңнамасын бұзған үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарылып жіберілді

15/03/2017

Байқоңыр қалалық сотында әкімшілік құқықты бұзған Әзірбайжан азаматшасы Г-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Полиция қызметкерлері шетел азаматының құжатын тексеру барысында құқық бұзушы Әзірбайжан азаматшасы Г., 10 тамыз 2016 жылы Қазақстан Республикасының территориясына кіріп, ел аумағында ішкі істер органдарында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібін бұзғаны анықталған.

Азаматтық процесстік кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланды

15/03/2017

Қазалы аудандық сотының судьялары мен қызметкерлерінің арасында АПК-ге енгізілген өзгерістерге арналған семинар сабағы ұйымдастырылды.

Семинар барысында өзгерістерге сай  Азаматтық процестік кодекстен жауапкер немесе оның өкіліне, үшінші тұлғаларға талап қою арызын және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін жолдауды растайтын құжатты талапкердің ұсынуы туралы талап алынып тасталды. Алдағы уақытта талап қоюшы талап қою арызы мен оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін  жауапкерлердің санына сәйкес сотқа ұсынатын болды.

Балаларына алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды

15/03/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.        

Сотта,  борышкер С-дан өндіріп алушы М-ның пайдасына үш балалары кәмелетке толғанға дейін ай сайын табысының немесе өзге де кірісінің тең жартысы мөлшерінде алимент өндіру туралы 2013 жылғы сот бұйрығы қабылданып, 2015 жылы атқарушылық іс жүргізу қозғалғанымен, сот бұйрығы мен атқарушылық құжат 2017 жылдың наурыз айына дейін тиісінше орындалмаған.       

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

15/03/2017

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Н» жеке кәсіпкеріне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

«Н» ЖК-ін Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 21.10.2016 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 19 423 177 теңгені құраған.

Көшпелі семинар-тренинг өткізілді

15/03/2017

Сырдария аудандық соты қызметкерлерімен «Қазақтелеком» АҚ Сырдария филиалында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізілді.

Сырдария аудандық сотының бас маманы Б.Бисенбай көрнекті түрде электрондық талап арызды, апелляциялық шағымды және басқа электрондық құжаттарды жіберу тәртібі, мемлекеттік бажды онлайн-төлеуі, іс бойынша ақпарттармен танысу,  сот актілерін шығарып алу жолдарын көрсетті.

Шиелі аудандық сотында Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

15/03/2017

Шиелі аудандық сотында аудандық сот судьялары, сот қызметкерлері мен адвокаттардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

15/03/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараға қатысушыларды төраға міндетін атқарушы Қ.Бержанов қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Атап айтқанда, азамат А. қазіргі уақытта төрт баласына 50 пайыз алимент өндіріп отырғанын, оның екі баласы кәмелетке толғанын айтып, алимент мөлшерін азайтудың жолдарын түсіндіруін сұрады.

Қызылорда облыстық сотында БАҚ өкілдеріне соттарға техникалық құралдарымен кіру тәртібі түсіндірілді

15/03/2017

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында БАҚ өкілдеріне соттарға техникалық құралдарымен кіру және сот отырысында қолдану тәртібі  бойынша түсіндірмелер беру мақсатында семинар өтті.

Семинар-тренингке облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Шолпан Маликова, Қызылорда облысы мамандандырылған күзет басқармасының өкілдері, облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі мен ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.