Архив событий

24/03/2017

«Ашық есік күні» өтті

24/03/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қызылорда қаласындағы №4 орта мектебінің 9,10,11 сынып оқушыларының және мұғалімдерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара барысында оқушылар сот отырыстарының мәжіліс залдарында болып, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, «Сот кабинеті» сервисімен танысты.

Сот қызметі туралы әңгіме барысында мұғалімдер мен оқушылар өздерін қызықтыратын әкімшілік істердің қаралуы тәртіптері мен мерзімдері туралы сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Балық аулау қағидасын бұзған

24/03/2017

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ш. Кіші Арал теңізінің учаскесінде балық аулауға тыйым салынған аймақта, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 27 ақпан 2015 жылғы № 18-04/148 санды бұйрығымен бекітілген балық аулау ережесін бұзып, полиомидтік моно талшықтан жасалған қытай ауларымен 9 кг көксерке балықтарын аулап жатқан жерінен ұсталып, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны анықталған.

Шиелі аудандық сотында «Әйелдердің құқықтарының бұзылуымен күресудің жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

24/03/2017

Шиелі аудандық сотында «Әйелдердің құқықтарының бұзылуымен күресудің жолдары»  тақырыбында  семинар-тренинг  өтті.

Шараға аудандық сот судьялары, аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдерге қарсы зорлық көрсету фактісімен күрес жүргізу тобының аға инспекторы, адвокаттар және сот  қызметкерлері, Қазақстан-Қызылорда телеарнасының тілшісі қатысты.

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

24/03/2017

27 наурыз 2017 жылы сағат 16:00-18:00 аралығында Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы  өткізілетін болады.

«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

Қосымша ақпарат алу үшін (8-724-33) 2-42-28 телефон нөміріне хабарласуға болады.

«Үкім шығаруда жаза тағайындау тәжірибесі» тақырыбында брифинг өткізілді

24/03/2017

Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаевтың жүргізуімен  және «Жалағаш жаршысы» жергілікті газетінің тілшісі С.Бертаевтың қатысуымен «Үкім шығаруда жаза тағайындау тәжірибесі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифинг барысында төраға А.Мизанбаев, жаза дегенiмiз - сот үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Заңсыз балық тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

24/03/2017

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. жалпы салмағы 568 кг болатын балықтарды жөнелтпе құжатсыз, заңсыз тасымалдаған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Судья бітімгершілік рәсімдерді енгізудің пилоттық жобасын іске асыру жөнінде сұхбат берді

24/03/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Утегенова «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының журналистеріне азаматтық іс жүргізуде бітімгершілік рәсімдерді енгізудің пилоттық жобасын іске асыру жөнінде сұхбат берді.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (24.03.2017 ж.)

24/03/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

  1. Қызылорда қалалық  №2 соты кеңсесінің бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік, уақытша бос) лауазымына:

     Шабарова  Ұлтуған  Тускебайқызы;