Архив событий

28/02/2017

Әкімшілік заңнаманы қолдану жөнінде полиция қызметкерлерінің жеке құрамына семинар өткізілді

28/02/2017

Қызылорда облысының Арал аудандық сотының бастамасымен аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын рәсімдеуде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлымен өткізілген шараға аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы мен жергілікті полиция қызметінің барлық қызметкерлері қатысты.

Іскерлік киімнің негізгі ұсынымдары талқыланды

28/02/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іскерлік киімнің негізгі ұсынымдары туралы семинар сабағы өткізілді. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.

Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

28/02/2017

Өткен жұмада Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. «Ашық есік күніне» келген азаматшаны сот төрағасының міндетін атқарушы А.Түбекбаева қабылдады.

Шара барысында аудан тұрғыны А.Алимбетова қарыз ақша өндіру мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.

Азаматша А.Алимбетованың сауалына заң талаптарына сәйкес жауап берілді.    

Қызылорда қалалық сотында «Жер телімдеріне қатысты құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі» тақырыбында талқылау өтті

28/02/2017

Қызылорда қалалық соты судьялары арасында «Жер телімдеріне қатысты құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі» тақырыбында талқылау өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова осы санаттағы істерді қараудың тәжірибесіне кеңінен тоқталды. Сотқа түскен азаматтық істерге тоқтала кетсек, жер телімдеріне қатысты азаматтық істердің үлесі зор болып отыр деп атап көрсетті.   

«Электрондық сот отырысы хаттамасының ерекшеліктері» Тақырыбында семинар сабағы өтті

28/02/2017

Сырдария аудандық сотында «Электрондық сот отырысы хаттамасының ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов, кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев және сот мамандары қатысты.

Ш.Аманқұлов өзінің баяндамасында сот отырысын жазу құралдарын қолдану тәртібі мен тәсілдеріне тоқталып өтті.

Азаматтық некедегі әйелін ұрып-соққаны үшін айыппұл жазасы тағайындалды

28/02/2017

Қызылорда қалалық №2 сотында сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта азамат Т-ның азаматтық некедегі әйелі жәбірленуші А-ның арасында ұрыс-керіс болып, оны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Сот үкімі бойынша сотталушы Т. ҚР ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 106 050 теңге айыппұлға жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/02/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. ЖШС-де менеджер болып жұмыс жасап, материалдық жауапкершілік жүктелген адам бола тұрып, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алып, талан-таражға салып, жәбірленушіге 1 046 528 теңге көлемінде мүліктік шығын келтірген.

Жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды

28/02/2017

Талапкер К. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда апасы Б. қайтыс болғанын, оның жауапкер Р-мен ортақ кәмелетке толмаған М. есімді қызы бар екенін, казіргі таңда бала өзінің тәрбиесінде екенін, жауапкер кәмелетке толмаған баласы М-ны асырап бағуына алимент төлемегенін, қызының тәрбиесімен айналыспағанын көрсетіп, жауапкер Р-ны кәмелетке толмаған М-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыруды сұраған.

Жалағаш аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

28/02/2017

28 ақпан 2017 жылы сағат 16:00-18:00 аралығында Жалағаш аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы  өтеді.

«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

Қосымша ақпарат алу үшін (8-724-33) 2-42-28 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

28/02/2017

Қызылорда қалалық сотында судьялардың қатысуымен жедел кеңес өтті.

Жедел кеңесте судьялар азаматтық істердің кейбір санаттарын қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау, сот қаулыларын қабылдау  бойынша сұрақтар нақты азаматтық істерді мысалға келтіріле отырып талқыланды.

Талқылау барысында ҚР Жоғарғы Сотының осы санаттағы істерді қарау тәжірибесіне арналған нормативтік қаулыларынан үзінділер келтірілді.