Баспасөз үйлестірушісі судья облыстық телеарнаға сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотының судьясы, баспасөз үйлестірушісі А.Тубекбаева облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасына 2016 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бас жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының қолданылу тәжірибесіне қатысты сұхбат берді.

Сұхбат барысында судья Рақымшылық Заңы ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарға, кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдер немесе кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдарға, мүгедектерге, қарт кісілерге қатысты қолданылатынын, сонымен қатар болмашы зиян келтірген, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға қатысты қолдынылып, олардың жазадан босатылатынын  атап өтті.

Аталған адамдар қатарына енбейтін, ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталып,  бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан және пробациялық бақылаудағы; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63-бабы қолданыла отырып, сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза тағайындалған адамдар жазадан босатылатынына тоқталды.

Судья Рақымшылық Заңы негізінде жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін ауыстыру, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту мәселелеріне, рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдарға тоқталып, рақымшылық жасауды қолдану шарттарын, аталған Заңды қолдану тәртібі мен оның орындалу мерзімін түсіндірді.

Сондай-ақ Рақымшылық жасау туралы Заң қолданысқа енгізілген уақыттан бері Шиелі аудандық сотында жазаны орындайтын мекемелер мен органдар тарапынан келіп түскен Рақымшылық Заңын қолдануға байланысты 184 ұсыныс қаралып, ұсыныстарды қарау нәтижесімен онша ауыр емес қылмыстарды жасаған 139 сотталған жазаны өтеуден босатылып, ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленген 16 сотталғанға жазасының өтелмеген бөлігі айыппұлға немесе бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылғанын, ауыр қылмыс үшін сотталған 29 адамға жазасының өтелмеген бөлігі қысқартылғанын атап өтті.

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі