Соттың шешімімен мұрадан бас тарту үшін өткізіп алған мерзімі ұзартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында арыз беруші Т-ның мұралық мүліктерден бас тарту үшін өткізіп алған мерзімін екі айға ұзартуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Арыз беруші Т. сотқа жүгінген арызында әкесі-мұра қалдырушы К.  2008 жылдың 25 мамырында қайтыс болғанын, оның артында қалған мұрадан бас тартуды ресімдеу үшін нотариусқа жүгінгенін, алайда нотариус мұрадан бас тартуға берілген мерзімді өткізіп алуына байланысты оны ұзарту үшін сотқа жүгіну қажет екендігін түсіндіргенін, мұрадан бас тарту мерзімін өткізіп алған деп танып, мұрадан бас тарту үшін өткізіп алған мерзімін екі айға ұзартуды сұраған.

Соттың шешімімен арыз берушінің арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі