Архив событий

20/01/2015

Аудандық сотта жол - көлік оқиғасына қатысты істер бойынша брифинг өтті

20/01/2015

2015 жылдың 15 қаңтарында Шиелі аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы М.Еркінбеков 2014 жылдың 12 айының қорытындысымен сот өндірісінде жол-көлік оқиғасына қатысты қаралған қылмыстық істер бойынша түсіндірме берді.

Қызылорда қалалық №2 сотында семинар сабағы өтті

20/01/2015

2015 жылдың 15 қаңтарында Қызылорда қалалық №2 сотында Қызылорда Облыстық қылмыстық-атқару инспекциялары мен мекемелерінде есепте тұратын сотталғандарға және жаза өтеушілерге жаңа Қылымыстық және Қылмыстық Атқару кодекстерімен көзделген жеңілдіктерді қолдану мақсатында енгізілген ұсыныстарды қарау барысында туындаған қиыншылықтар мен кемшіліктер туралы семинар сабағы өткізілді.

Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясының жүзеге асыратын өкілеттіктері

20/01/2015

 

2014 жылдың 4 шілдедегі №231-V  Қазақстан Республикасы Заңымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексі қабылданып, аталған жаңа Кодекс 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің міндеттері болып табылады.

Жалағаш аудандық сотында 2014 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

20/01/2015

14 қаңтар 2015 жылы Жалағаш аудандық сотында 2014 жылдың 12 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

         Іс шараға аудандық соттың төрағасы, судьясы, сот кеңсесінің қызметкерлері және құқық қорғау органдарының, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында аудандық соттың 2014 жылдың 12 айында атқарған жұмыс қорытындылары талқыға салынып, журналистерге аудандық сотта қоғамдық пікір туғызған кейбір істерді қарауының нәтижесі, сонымен қатар, жаңадан енгізілген заң туралы баяндалды.

Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

20/01/2015

Сотталушы М., Жосалы кентіндегі көше бойында келе жатып, Е.-ні кездестіріп, бір-бірімен сөйлесіп тұрып, әнгіме барысында спирт ішімдігін ішкен мас күйінде Е. қасында тұрған М.-ны балағаттап, кейін оң қолының жұдырығымен бетінен екі мәрте ұрған. Сол кезде, сотталушы М.