Архив событий

23/01/2015

Жаңа заң нормалары қолданыста

23/01/2015

2015 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қолданысқа енгізілді. Осыған орай, бұрынғы қолданыста болып келген әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен салыстырмалы түрде алғанда жаңа кодексте елеулі өзгерістер болған.  

Сырдария аудандық соты 2014 жылды қорытындылады

23/01/2015

         Жуырда  Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдулла Абдрахман Алиасқарұлы 2014 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді.Баспасөз конференциясына  жергілікті  «Тіршілік тынысы» газетінің өкілдері және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

2014 жылдың 12 айында  аудандық сот өндірісіне 97 адамға қатысты 70 қылмыстық іс, 461 әкімшілік іс, 491 талап арыз бен 13 азаматтық іс түскен.

Шиелі аудандық соты аудандық ХККО бөлімшесінің қызметкерлеріне оқыту және түсіндірме жұмыстарын жүргізді

23/01/2015

2015 жылдың  19 қаңтар  күні ХҚКО Шиелі аудандық  бөлімшесінде Шиелі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі М.К.Жусупбековамен   семинар   өткізілді.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі М.Жусупбекова «Сот кабинеті» электрондық  ақпараттық  сервисі  арқылы  электронды  құжаттарды   беру  тәртібімен ХККО Шиелі аудандық бөлімшесінің қызметкерлеріне  оқыту және түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді. Сонымен  қатар, электрондық  сервис  арқылы талап  арыздардың жөнелтілуі, істердің қаралу тәртібімен таныса алатындығы және қажетті сот құжаттарын басып шығарып алу мүмкіндігі көрсетілді.

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі бойынша көшпелі семинар өтті

23/01/2015

Жуырда Арал аудандық сотының қызметкерлерімен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі бойынша көшпелі семинар өткізілді.

Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова, жетекші маман К.Баймағанбетов және ХҚКО-ның қызметкерлері қатысты.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық талап арыздарды беру тәртібін түсіндірді. Ал жетекші маман К.Баймағанбетов көрнекті түрде электрондық құжаттарды жіберу тәртібі мен жолдарын көрсетті.