Архив событий

28/01/2015

Алматы қаласындағы БҰҰ жанындағы «Халықаралық Құқық қорғау орталығы» Қоғамдық Бірлестігі Медиация Орталығының кәсіби медиаторы К.Ахметова Арал аудандық сотында семинар өткізді

28/01/2015

Арал аудандық сотында 26 қаңтар 2015 жылы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданылу аясын кеңейту мақсатында семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы Е.Б.Тұрбаев, судьялар Д.Кентбаев, Д.Мұратбекұлы, аудан прокурорының аға көмекшісі С.Жетписбаев, Алматы қаласындағы БҰҰ жанындағы «Халықаралық Құқық қорғау орталығы» Қоғамдық Бірлестігі Медиация Орталығының кәсіби медиаторы К.Ахметова, «Медиаторлар одағы» Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының кәсіби медиаторлары М.Хайдаров, Б.Бердалиев және аудандық сот қызметкерлері қатысты.    

Республика соттарында жаңа «ТӨРЕЛІК» ақпараттық жүйе енгізілуде

28/01/2015

 ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының  15.11.2014ж хаттамалық тапсырмасына сәйкес,   «ТӨРЕЛІК» ақпараттық жүйесін  енгізу шеңберінде 2015 жылдың 19 қаңтарында Жалағаш аудандық сотында «ТӨРЕЛІК» пилоттық жобасы енгізілді.

Бұл жаңашылдықтың мақсаты - іс жүргізу ақпаратын, шығарылған шешімдермен танысу, қаулылармен,  сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттарды сот ісін жүргізуге қатысушыларымен шұғыл алу болып табылады.

Жыл сайын соттарда құжатайналым жүйесі жетілдіруде.