Архив событий

05/01/2015

Арал аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

05/01/2015

 

Жуырда Арал аудандық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарда сот төрағасы Е.Тұрбаев сыбайлас жемқорлықтың мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін айтып, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заңға тоқталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты болдырмай, оның алдын алу мәселелерін ортаға салды.

Сонымен қатар, семинар-сабақ барысында аудандық соттың судьясы Д.Мұратбекұлы күн тәртібіндегі тақырыпқа қатысты баяндама жасады.     

Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

05/01/2015

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы "Транс" ЖШС-нің жауапкер «Ас» ЖК-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы мекеме жауапкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Талапкер уәждесі бойынша мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз болған ЖК «Ш» келісім шарт жасасып, жауапкер келісім шартты орындаудан бас тартты.

Талапкер өкілі талап арызда көрсетілген уәждер бойынша талап арызды қолдап, талапты қанағаттандыруды сұраған.

Аудандық сот ұжымы балаларға мерекелік сыйлық тарту етті

05/01/2015

 

Жаңа жыл – балалардың асыға, шынайы ғажапты, сыйлықтарды күтетін мерекесі. Жаңа жыл қарсаңында, яғни  2014 жылдың 30 желтоқсан күні Жаңақорған аудандық соты ұжымының атынан аудандық сот төрағасы Н.О.Қосановтың ұйымдастыруымен көп балалы екі отбасыға барып, мерекесімен құттықтады. Сот төрағасы балаларға тілектер айтып, мерекелік сыйлықтарын тарту етті.

Балалардың қуаныштан жүздері бал-бұл жайнап, ата-аналары өздерінің алғыстарын айтты.

Қызметке жаңадан тағайындалған сот төрағасын таныстыру

05/01/2015

 

Бүгін Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымына, қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев,  Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 24 желтоқсанындағы №983 Жарлығымен жаңадан тағайындалған Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ибрашев Мейрамбек Шамауұлын таныстырды.

Жаңадан тағайындалған төрағаны құттықтап, алдағы қызметіне табыс және сәттілік тіледі.