Архив событий

12/01/2015

Есірткі сатқан сотталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

12/01/2015

Елімізде нашақорлықпен айналысатындардың саны азаяр емес. Қызылорда облысының полиция қызметкерлеріне Тасбөгет кентінің тұрғыны К.-есімді азаматтың есірткімен айналысып жүргендігі жөнінде ақпарат түседі. ОІІД-нің қызметкері бүркеншік есіммен  сатып алушы ретінде кездесу ұйымдастырады. Кездесу барысында К. өзінде есірткі заты жоқ екенін айтып, танысы Ч.-ны шақырады. Танысы Ч. 21,63 грамм болатын марихуананы КУПС саяжайының тұрғыны А.-дан бір стакан марихуана есірткі затын сатып алады.

Ал, сотталушы А. есірткі сату барысында ОІІД-не ұсталады.

«Үш би» белгісі берілді

12/01/2015

 

Қызылорда облыстық сотында өткізілген Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиналыста Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қалымбет Бақытжан Мүсілімбекұлы Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «ҮШ БИ » белгісімен марапатталды.

Бақытжан Мүсілімбекұлы 1964 жылы 17 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Қалтасынан есірткі табылған сотталушыға сот үкімі шықты

12/01/2015

 

Қызылорда қалалық №2 сотында есірткі затын өткiзу мақсатынсыз өте iрi мөлшерде заңсыз сақтаған сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, ОІІД-нің қызметкерлері көше бойында күдікті көрінген А. және М. есімді азаматтарды тексеру барысында А.-ның джинсы шалбарының оң жақ қалтасынан темекі фольгасы мен газет жыртындысына оралған ақшыл сарғыш түсті ұнтақ заттар анықталып, салмағы 1,38 г. болатын героин айғақ зат ретінде алынған.