Архив событий

26/01/2015

Наркотикалық психотроптық заттарды тасымалдап сақтаған азамат сотталды.

26/01/2015

Қызылорда стансасы «Жалағаш-Жосалы» арасында ГБН ЛОВД  қызметкерлері  тексеру жүргізу барысында  №77 «Алматы-Атырау» бағытына қарай кетіп бара жатқан поездың  вагонын тексеру кезінде азамат Ц.И.-дың жол  дорбасынан 2 салафан пакетке оралған  жасыл түсті, өсімдік тектес, өткір иісі бар зат табылды.

Сотталушы Ц.И. наркотикалық психотроптық затты заңсыз сақтап,тасымалдаған, сөйтіп ол ҚК-нің 259 бабының 1-1 бөлігімен қылмыс жасаған.

Қызылорда қалалық сотында «Сот кабинеті» арқылы электронды құжат беру жұмысы талқыланды.

26/01/2015

Бүгін Қызылорда қалалық сотының мәжіліс залында ««Сот кабинеті» арқылы электронды құжат беру тәртібі» бойынша  брифинг өткізілді.          

Брифингті Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Садуақасова, баспасөз хатшысы М.Асанова жургізді.

Брифингке Қызылорда облыстық орталықтандырылған адвокаттар алқасының адвокаттары А.Саимбетовпен Ш.Балкей, «Банк Хоум Кредит»  АҚ-ның өкілі Б.Тасбергенов, заңгер А.Утепова, қала әкімдігінің өкілі Б.Омаров және  «Банк Центр Кредит» АҚ-ның өкілі Н.Куандыкулы қатысты.

Көшпелі сот отырысында іс қаралды

26/01/2015

        Өткен жұмада Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық ісі көшпелі сот отырысында  Шиелі аудандық сотының сот мәжіліс залында қарады.

          Іс бойынша жәбірленуші өкілі денсаулығына байланысты Сырдария аудандық сотына келуге мүмкіндігі болмаған.  Сондықтан жәбірленушінің тұрғылықты жері Шиелі ауданы болуына байланысты іс Шиелі сотында қаралған.

Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды

26/01/2015

Сырдария аудандық сотында 21 қаңтар 2015 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының  1 бөлігімен Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс хаттамасы бойынша «1» қаңтар 2015 жылы Тереңөзек кенті тұрғыны азамат Б. Қызылорда қаласының, Қорқыт Ата көшесінің бойында өзінің жеке автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарған. Құқық бұзушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.