Архив событий

14/01/2015

Телеарна тілшілері сот отырысына қатысты

14/01/2015

Кеше Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында сот судьясы А.С. Байбулатованың төрағалық етуімен қоғамдық орынға темекі қалдығын тастап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргені үшін ҚР ӘҚБтК 434 бабының 1 бөлігімен айыпталған құқық бұзушы М.-ға қатысты іс қаралды.

Байқоңыр қалалық сотында жол - көлік оқиғасына байланысты материалдық шығын өндіру туралы азаматтық іс қаралды

14/01/2015

Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Н.-ның жауапкер Д.-дан жол көлік оқиғасына байланысты барлығы 707 538 тенге материалдық шығынмен моральдық шығынды және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арыз бойынша жауапкер Д. 01.05.2014 жылы Байқоңыр қаласында өз автоклігін басқаруымен автокөліктің соқтығысуына жол берген. Сот қаулысымен Д. көлік басқару құралынан айыру туралы әкімшілік жаза қолданылған. Сот медициналық актісі бойынша талап қоюшының денсаулығына орта дәрежелі зиян келген.

Темекі қалдығын тастап, 1 тәулікке қамалды

14/01/2015

 

Құқық бұзушы Ж. Төретам станциясының темір жол вокзалы перронында төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн қоғамдық тәртіпті бұзып, темекі қалдығын тастап, қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Ж. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін ескеріп, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұраған.

Құқық бұзушы Ж.–ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 (бір) тәулікке әкімшілік қамауға алуға қаулы қабылданды.

Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, мас күйінде автокөлікті басқарған құқық бұзушы 20 тәулікке қамалды

14/01/2015

Құқық бұзушы Т. Қармақшы ауданы, Шымкент-Самара тас жолы бойында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, спирттік ішімдігін ішкен мас күйінде, «УАЗ» маркалы автокөлігін басқарып жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 8 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Сотта құқық бұзушы өзінің бұл әрекетін толық мойындап, өзіне жеңіл жаза қолдануды сұрайтынын көрсетті.

Құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің  467 бабының 8 бөлігімен кінәлі  деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.