Телеарна тілшілері сот отырысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеше Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында сот судьясы А.С. Байбулатованың төрағалық етуімен қоғамдық орынға темекі қалдығын тастап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргені үшін ҚР ӘҚБтК 434 бабының 1 бөлігімен айыпталған құқық бұзушы М.-ға қатысты іс қаралды.

Темекі қалдығын тастағандарға айыппұл көлемі бұған дейін 3 айлық есептік көрсеткіштен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 5556 теңгеден басталса, ал жаңа кодекс бойынша бұндай құқық бұзушылық жасағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 19820 теңге көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамауға алыну түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

Осыған орай, мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен құқық бұзушы М.-ға 19820 теңге, яғни 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Аталған заң нормасындағы өзгерісті халыққа жете таныстырып, ақпараттандыру мақсатында сот мәжілісіне жергілікті Қызылорда қоғамдық телеарнасы мен республикалық «7 арна» тілшілері қатысып, түсірілім жасады.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі