Архив событий

08/01/2015

Көшпелі сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады

08/01/2015

 

Жастарды тәрбиелеу және құқықтық тәртіпке баулу мақсатында Жаңақорған аудандық сотының судьясы А.Бекботаев көшпелі сот отырысында Жаңақорған аудандық агротехникалық колледжінде студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігімен Б.-на қатысты козғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Құқық бұзушы Б.-ға кәмелетке толмаған Н.-ны ар-намысына тиіп балағаттағаны үшін, сот қаулысымен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 9260 теңге айыппұл салынды.

Аудандағы алғашқы кәсіби медиатор

08/01/2015

Қызылорда облыстық сотында өткізілген «Жалпы медиация курсы» бойынша Жалағаш кентінің тұрғыны М.У.Хайдаров «Жалпы медиация курсының» медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша кәсіби медиатор сертификатын алып, Жалағаш ауданының медиаторлар тізіміне қосылды.

Сот төрағасының қабылдауында М.Хайдаров «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы директоры Б.Т.Ахметов табыс еткен сертификатты ұсынды. Сот төрағасы А.Наримов медиатормен «Медиация туралы» заңының нормаларын қолдану мәселелерін талқылап, алдағы уақытта жұмысына сәттілік тіледі. 

Ішкі істер органының рұқсатынсыз қаруды алып жүрген құқық бұзушыға әкімшілік жаза тағайындалды

08/01/2015

Жалағаш аудандық сотымен ҚР ӘҚБК - нің 368 бабының 1 бөлігімен А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

А. өз атында №Я01037 санымен тіркеуде тұрған ИЖ маркалы 12 калибрлі 15.12.2014 жылғы №16 санды сараптама қорытындысымен атуға жарамды аңшы мылтығын азамат Д.-ға ішкі істер органдарының рұқсатынсыз берген. Яғни ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 368 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған деп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.