Архив событий

13/01/2015

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында пресс-конференция өтті

13/01/2015

 

Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Мейрамбек Шамауұлы Ибрашев жергілікті Қызылорда қоғамдық телеарнасының және жергілікті газет тілшілерімен 2014 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Қызылорда калалық мамандандырылған әкімшілік сотында 2014 жылдың он екі айында 7253 әкімшілік іс келіп түскен. Оның ішінде 161 әкімшілік іс кері қайтарылса, 6979 әкімшілік іс негізінен, 110 әкімшілік іс  біріктіріліп каралған, 3 әкімшілік іс келесі есепті мерзімге қалдықта қалған.

Салық органдарының тексеру қорытындысы бойынша хабарламасына дау айту туралы іс сотта қаралды

13/01/2015

 

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты арызданушы «П» Компаниясы Қызылорда облысы бойынша салық департаменті ММ-нің тексеру қорытындысының хабарлама хатын заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша шешім шығарды.