Салық органдарының тексеру қорытындысы бойынша хабарламасына дау айту туралы іс сотта қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты арызданушы «П» Компаниясы Қызылорда облысы бойынша салық департаменті ММ-нің тексеру қорытындысының хабарлама хатын заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша шешім шығарды.

Арызданушы өкілі сот мәжілісінде арызды толығымен қуаттайтындығын, 2010 жылдың 29 тамызы мен  2011 жылдың 18 наурызы аралығында Қызылорда облысы бойынша салық департаменті қызметкерлерінің 2008 жыл және 2009 жыл аралығына салықтық тексеру жүргізгенін көрсеткен. Тексеру нәтижесі бойынша аталған мекемені қосымша құн салығының міндеттемелерін орындамаған деп тауып, тиісті хабарлама құжаттамалық акт жасалған. Алайда, арызданушы тексеру қорытындысының жасалған актісіне келіспейтіндігін білдіріп, сол себептен салық органын сотқа берген.     

Сот іс құжаттарын зерттеп, тараптардың жауаптарына баға беріп, прокурордың қорытындысын тыңдап, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылсын деп шешім еткен.    Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты арызданушы «П» Компаниясы Қызылорда облысы бойынша салық департаменті ММ-нің тексеру қорытындысының хабарлама хатын заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша шешім шығарды.

Арызданушы өкілі сот мәжілісінде арызды толығымен қуаттайтындығын, 2010 жылдың 29 тамызы мен  2011 жылдың 18 наурызы аралығында Қызылорда облысы бойынша салық департаменті қызметкерлерінің 2008 жыл және 2009 жыл аралығына салықтық тексеру жүргізгенін көрсеткен. Тексеру нәтижесі бойынша аталған мекемені қосымша құн салығының міндеттемелерін орындамаған деп тауып, тиісті хабарлама құжаттамалық акт жасалған. Алайда, арызданушы тексеру қорытындысының жасалған актісіне келіспейтіндігін білдіріп, сол себептен салық органын сотқа берген.     

Сот іс құжаттарын зерттеп, тараптардың жауаптарына баға беріп, прокурордың қорытындысын тыңдап, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылсын деп шешім еткен.      

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі