Архив событий

22/01/2015

БААТЖ бағдарламасы бойынша статистикалық есептерді қалыптастыру мәселесі аясында семинар сабағы өтті

22/01/2015

Үстіміздегі жылдың  17 қаңтарында Қызылорда облыстық сотының  мәжіліс  залында Қызылорда облыстық соты кеңсесінің бөлім басшылары, қызметкерлері мен  облыс орталығында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілерінің қатысуымен семинар сабағы өтті. Аймақтық оқу орталығының ұйымдастырумен өткен семинар сабағының тақырыбы - «БААТЖ бағдарламасы бойынша статистикалық есептерді қалыптастыру мәселесі».

Семинарды Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысы А.А.Жұмамұратов ашып берді.

Қызылорда қалалық №2 соты 2014 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады

22/01/2015

        Өткен жұмада Қызылорда қалалық № 2 сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

         Баспасөз конференциясын Қызылорда қалалық №2 сотының төрағасы С.Сүлеймен ашық деп жариялап, 2014 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған іс-шараларды қорытындылаған ақпаратын жария етті. Шараға облыстық «Қазақстан-Қызылорда», Қоғам ТВ телеарнасының тілшілері, Қызылорда облысы бойынша меншікті «Заң» газетінің тілшісі және жергізілікті БАҚ өкілдері қатысты.

«Сот кабинеті» электрондық сервисінің жаңа мүмкіндіктері

22/01/2015

Кеше,  Сырдария аудандық сотында «Халыққа қызметі көрсету орталығы» ММ жауапты мамандарының қатысуларымен «Сот кабинеті» ортақ жобаны жүзеге асыру атты тақырыпта оқып-үйрену сабағы өтті.

Аталмыш бас қосудың жұмысына «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ-і филиалының инспекторлары Т.Алданов, А.Есаманов және аудандық сот қызметкерлері қатысты.

Төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген құқық бұзушыға айыппұл салынды

22/01/2015

Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат Р. ҚР Жол қозғалысы ережесінің 1,3 бөлігінің талаптарын сақтамай, Жалағаш–Аққыр тас жолында өзінің басқаруындағы «ВАЗ 21-14» маркалы автокөлігімен жолдың жүріс бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығып, Г-ның басқаруындағы «Ауди-А6» маркалы автокөлігіне соқтығысып, нәтижесінде автокөліктің ішінде болған С-ның денсаулығына орта дәрежеде зақым келтірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Жол оқиғасының нәтижесінде денсаулыққа зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

22/01/2015

Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен азамат             Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат Р. ҚР Жол қозғалысы ережесінің 1,3 бөлігінің талаптарын сақтамай, Жалағаш–Аққыр тас жолында өзінің басқаруындағы «ВАЗ 21-14» маркалы автокөлігімен жолдың жүріс бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығып, Г-ның басқаруындағы «Ауди-А6» маркалы автокөлігіне соқтығысып, нәтижесінде автокөліктің ішінде болған С-ның денсаулығына орта дәрежеде зақым келтірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Жалағаш аудандық соты Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы көшпелі семинар өткізді

22/01/2015

Жалағаш аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Алтынбаев пен бас маман Е.Ә.Есжанов Жалағаш аудандық ХҚКО-да мамандармен «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу туралы көшпелі түсіндіру жұмыстары өткізілді. Көрнекті түрде  электрондық құжаттарды жіберу тәртібі, мемлекеттік бажды онлайн-төлемі туралы, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алуы көрсетілді.

Сонымен қатар,  ХҚКО-ның жауапты қызметкерлері өз орындарында халыққа тиісті дәрежеде «Сот кабинеті» сервисі туралы кеңес беріп, техникалық көмек көрсетеді.