Архив событий

15/01/2015

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы сотқа талап арыз беруге мүмкіндігіңіз бар

15/01/2015

 

Еліміздің сот жүйесі жылдан-жылға жаңа бағдарламаларды, ақпараттық технологияларды тәжірибеге енгізіп келеді.

Атап айтқанда, облыс соттарында кеңінен енгізіліп жатқан «Сот кабинеті» арқылы сотқа 2014 жылы 1130 электронды түрде құжат қабылданды.

Бүгін Қызылорда облыстық сотында 2014 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында облыстық сот кеңсе басшысының орынбасары Е.М.Боранбаев «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі туралы БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

Байқоңыр қалалық соты 2014 жылғы атқарған жұмыстары қорытындылады

15/01/2015

 

Бүгін Байқоңыр қалалық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз маслихаты өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы М.Тұрғанбаев тілшілерге өткен жылдағы сот төрелігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы толыққанды ақпарат берді.

Сондай-ақ, жиында 2015 жылдың 1-қаңтарынан заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  және  Қылмыстық-процестік кодекстерінің новеллалары талқыланды.

Көлікті мас күйінде жүргізіп, үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

15/01/2015

Әкімшілік құқық бұзушы О. автокөлігін спирттік ішімдік ішкен масаю күйінде басқарып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, ол 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.