Архив событий

09/01/2015

Жас маманға берілер мүмкіндік мол

09/01/2015

 

Қазіргі таңдағы Елбасының сот жүйесін жетілдірудегі реформасының  басты бағыты - Қазақстанда жоғары сапалы, әділ сотты қалыптастыру.

Елімізде халықтың сотқа деген сенімі жылдан-жылға артып келеді. Оның айғағы азаматтардың өздерінің заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғап сотқа шағым беру санының көбеюі, сонымен қатар, республика бойынша сот әділдігін жүзеге асыратын судьялар штатының жылма-жыл ұлғая түсуі болып отыр.

Букмекерлік кеңсені тонағаны үшін 5 жылға сотталды

09/01/2015

Оқиғаның анық-қанығына келер болсақ, Қызылорда қаласының тұрғыны Е. деген азамат бұрын сотты болғанынан еш нәтиже шығармай, қайта қылмысқа барған. Өткен жылдың қыркүйек айында өзінің сыбайластарымен бірге қала орталығында орналасқан букмекерлік кеңсесіне келген. Алғашында өз қалталарынан қаржы шығарып, компьютерлік ойын ойнап, ұтылып қалады. Сол шыққан шығынды қайтарып алу үшін ойынхана қызметкерінен өз ақшасын талап еткен. Ол іс–әрекетінен еш нәтиже шықпаған соң, қорқытып қалтасынан шаппасын алып, мойын тұсына тақаған. Жәбірленуші сыртқа шығуға әрекеттенгенде, сотталушы Е.

Қоғамдық көліктерден 5000 теңгеден талап еткен сотталушыға сот үкімі шықты

09/01/2015

 

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ж. өзінің М. және Д., тергеуден бой тасалап жүрген Ф. есімді таныстарымен бірге, адамдар тобы болып алдын ала сөз байласып, Жаңақорған кентінің орталық вокзалына «Мерседес» үлгісіндегі автокөлігімен барып, жеке жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық автобустарды жалдап, оларды орналастыру жұмыстарын ұйымдастырып жүрген жәбірленуші Ж.-ны және куә Е.-ны байқап бөтен мүлікті талап ету арқылы қорқытып алу ниеті туындайды.