Архив событий

21/01/2015

«Қызылорда облыстық соты» командасы волейболдан «Достық» кубогын ұтып алды

21/01/2015

Байқоңыр қаласында 2015 жылдың 18 мен 19 қаңтары күндері аралығында волейболдан ерлер командалары арасында өткізілген «Достық» кубогына ашық турнир өз мәресіне жетті.

Ашық турнир Байқоңыр кешені волейбол Федерациясы Президенті мен Байқоңыр қаласы мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Турнирге Ресей Федерациясынан «Байконур», Ақтөбе қаласынан «Алихан», Шымкент қаласынан «Созақ», Қостанай қаласынан «Динамо», Тараз қаласынан «Таргу», Қызылорда қаласынан «Қорқыт-Ата», «Қызылорда облыстық соты» командалары қатысты.

Жаңақорған аудандық соты 2014 жылды қорытындылады

21/01/2015

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов пен судья Б.Елшібеков өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Н.Байкенже және республикалық ақпараттық танымдық «Самала» газетінің тілшісі А.Баймұратовпен кездесіп, аудандық сотта 2014 жылы атқарған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында аудандық сот төрағасы 2014 жылы қаралған істер мен атқарылған жұмыстар жайлы хабарлады. Сонымен қатар тілшілердің бірқатар қойған сұрақтарына сот төрағасы Н.Қосанов пен судья Б.Елшібековтер жауаптарын берді.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

21/01/2015

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ашық сот мәжілісінде талап қоюшы «Аудандық құрылыс бөлімі» ММ-нің жауапкер «Тәуекел» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Арал аудандық сотыжыл қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді

21/01/2015

Арал аудандық сотында 15 қаңтар 2015 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары «Толқын» газеті және «Құрылтай» газеті өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында баспасөз-конференциясы өтті

21/01/2015

2014 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дауренбеков 2015 жылдың 13 қаңтарында баспасөз-конференциясын  жергілікті басылымдар «Халық» және «Ақмешіт апталығы» газетінің  өкілдерінің қатысуларымен өткізді.

Қылмыстық сот жылды қорытындылады

21/01/2015

Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2014 жылдың қорытындысы және өткен жылы қаралған, қоғамдық пікір туғызған істер жөнінде БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді.  

2014 жылдың 12 айы ішінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 38 қылмыстық іс түскен, 2013 жылдан 1 іс аяқталмай, қалдықта қалған. Салыстыру үшін, 2013 жылдың осы кезеңі ішінде 37 іс түсті. Осылайша, түскен қылмыстық істердің саны 1 іске көбейген.