Архив событий

19/01/2015

Қоғамдық пікір туғызған іс бойынша брифинг өткізілді

19/01/2015

Бүгін Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша брифинг өткізді.

Сотталушы қатты мас күйінде адамды ұрып, одан кейін оның басынан шифердің сынығымен қатты соғып өлтіріп, денесін сүйреп апарып, оқиға болған жердегі орналасқан әжетхананың ішіне лақтырып жіберген сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша журналистердің қойылған сұрақтарына жауап берді.

Әйелін балағаттап әкімшілік қамауға алынды

19/01/2015

Құқық бұзушы Б., өзінің үйінде әйелі Ә.-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдірген.

Сотта құқық бұзушы Б. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірді.

Жәбірленуші Ә. өзінің күйеуі құқық бұзушы Б.-ға заң талаптарына сай шара көруін сұраған.

Қазалы аудандық сотымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулік әкімшілік қамауға алынған.

Судьялар БАҚ өкілдерімен кездесті

19/01/2015

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбу Айбек және судья Қайратбек Бержанов 2014 жылдың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті.

Баспасөз маслихатында сот төрағасы БАҚ өкілдерін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылдың 12 айының қорытындысымен таныстырды.   

Қалалық сотта «Ашық есік күні» өтті

19/01/2015

Бүгін Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» шарасы өтті.  Дәстүрлі шара аясында қабылдауға келген азаматтарды Қызылорда қалалық сотының төрағасы  А.Бабатов қабылдады.

Шиелі аудандық сотында баспасөз конференциясы өтті

19/01/2015

2015 жылдың 15 қаңтарында Шиелі аудандық сотында судьялар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Журналистермен кесдесу барысында сот төрағасы М.Еркінбеков 2014-жылдың 12 айында аудандық соттың сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша түсіндірме берді.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері сот жүйесін жетілдірудегі жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтыратын сауалдарын қойды.