Архив событий

16/01/2015

Қазалы аудандық сотында өткізілген баспасөз конференциясы

16/01/2015

 

2015 жылдың қаңтар айының 13 күні Қазалы аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары «Тұран-Қазалы» газеті, «Қазалы» газеті  және «Тәуекел туы» газеті өкілдерінің қатысуымен 2014 жылы сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Қызметін асыра пайдаланған шенеунікке сынақ мерзімі тағайындалды

16/01/2015

Сотталушы Д. Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясы бөлімшесінің тіркеу-емтихан қабылдау тобының аға мемлекеттік автоинспекторы лауазымында қызмет атқара тұра, заңға қарсы іс-әрекет жасаған. Яғни, сотталушы құқық қорғау органының қызметкері ретінде қылмыстың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және ашуға берген антын бұзып, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысқа барған.

Сотталушы Д. бірқатар автокөліктерді заңсыз тіркеп, мемлекеттік белгілерін және техникалық куәліктерін берген.

Қызылорда қалалық соты өткен жылды қорытындылады

16/01/2015

Жуырда Қызылорда қалалық сотының мәжіліс залында баспасөз конференциясы өтті.                                              

Шарада 2014 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша баяндамалар оқылды.  

Баспасөз конференциясын қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі судьялары Н.Төлеш және К.Садуақасова жүргізіп, баспасөз хатшысы М.Асанова, қала прокурорының аға көмекшісі Г.Утеев, «Қоғам тв» телеарнасының журналистері, қала әкімдігінің өкілі Б.Омаров, «Банк Центр Кредит» АҚ-ның өкілі Н.Қуандықұлы қатысты.

Тараптардың бітімге келуімен қылмыстық іс қысқартылды

16/01/2015

Сотталушы Б. мен оның сыбайласы Е. Бидайкөл ауылының тұрғыны жәбірленуші Т.-ның мал қорасына кіріп, мал ұрламақшы болып, құны 25 000 теңге тұратын аяғы байлаулы күйдегі қойды сол жерге тастап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Яғни, сотталушы Б. сыбайласы Е. бірге өзінің тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмай, қылмыс жасауға оқталған.

Сөйтіп сотталушы Б. адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша қоймаға заңсыз кіру арқылы ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын жымқыруға оқталған.

Алимент төлеуден жалтарған сотталушыға айыппұл салынды

16/01/2015

 

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен құқық бұзушылық жасаған құқық бұзушы И. әкімшілік ісі қаралды. Құқық бұзушы 25.04.2014-жылғы сотты сот бұйрығымен жасы кәмелетке толмаған бір баласына алиментті төлеуден жалтарып, өзінің міндетін тиісінше атқармай, сот шешімінің талабын орындамаған.

Сот, құқық бұзушыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танып, оған 10 /он/ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 19820 (он тоғыз мың сегіз жүз жиырма) теңгеге айыппұл салды.