Жалағаш аудандық сотында 2014 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

14 қаңтар 2015 жылы Жалағаш аудандық сотында 2014 жылдың 12 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

         Іс шараға аудандық соттың төрағасы, судьясы, сот кеңсесінің қызметкерлері және құқық қорғау органдарының, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында аудандық соттың 2014 жылдың 12 айында атқарған жұмыс қорытындылары талқыға салынып, журналистерге аудандық сотта қоғамдық пікір туғызған кейбір істерді қарауының нәтижесі, сонымен қатар, жаңадан енгізілген заң туралы баяндалды.

Аудандық сот төрағасы А.З.Наримов өткен жылдың 12 айының статистикалық деректеріне тоқталып, соттарға түсетін талап арыздардың азаматтық істер бойынша ұлғайғанын тілге тиек етті. 2014 жылдың 12 айында аудандық сот өндірісіне  578 талап арыз, шағым  түскен, ал 2013 ж. 12 айында 460 арыз, іс түскен, яғни өткен жылмен салыстырғанда арыздар 118-ге немесе 11,3 пайызға өскен. Негізінен аудандық сотта есептік кезеңде 507  іс өндірісі аяқталса, ал  2013 жылы 348 іс негізінен қаралған болатын, яғни 68,6 пайызға көбейген.

Сот төрағасы өз сөзінде қылмыстық істер санының азайғанын айтып өтті. 2014 жылдың 12 айында аудандық сот өндірісіне 74 қылмыстық іс түсіп, 63 қылмыстық іс 72 адам бойынша аяқталған, ал  2013 ж. 12 айында 78 қылмыстық іс 90 адамға қатысты қаралған, яғни 2013 жылдың 12 айымен салыстырғанда қаралған істердің саны  15 іске азайған.

Сонымен қатар, сот төрағасы әкімшілік істер санының азайғанын айтып өтті. 2014 жылдың 12 айында аудандық сот өндірісіне 593 әкімшілік іс түсіп, 562 әкімшілік іс 562 адам бойынша аяқталған, ал  2013 ж. 12 айында 688 әкімшілік іс 688 адамға қатысты қаралған, яғни 2013 жылдың 12 айымен салыстырғанда қаралған істердің саны  126 іске азайған.

Сот істерін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдану мен енгізу жұмыстары жалғасуда. Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Аян Алтынбаев «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» сияқты жаңа ақпараттық сервистердің соттарда кеңінен енгізіліп жатқанын мәлімдеді. Айта кетерлігі, «Сот кабинеті» сервисі енгізілген сәттен бастап сотқа 63- электронды арыздар  қабылданды.

Баспасөз-мәслихаты барысында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылып, қоғамдық пікір тудырған кейбір істер бойынша толығырақ ақпарат берілді.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі