Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотталушы М., Жосалы кентіндегі көше бойында келе жатып, Е.-ні кездестіріп, бір-бірімен сөйлесіп тұрып, әнгіме барысында спирт ішімдігін ішкен мас күйінде Е. қасында тұрған М.-ны балағаттап, кейін оң қолының жұдырығымен бетінен екі мәрте ұрған. Сол кезде, сотталушы М. жәбірленуші Е.-ның іс-әрекетіне наразы болып, оң қолының жұдырығымен Е.-ге бір мәрте соққы беріп, кейін өзінің әрекетін әрі қарай жалғастырып, өзімен бірге алып жүрген, кесіп тесуге арнайы бейімделген тергеумен анықталмаған затты қолына алып, Е.-ның сол жақ кеуде тұсынан бір мәрте ұрып, оның денсаулығына ауыр зиян келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Басты сот талқылауында сотталушы М. Өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, істеген әрекетіне өкінетіндігін, жәбірленушімен татуласқанын бас бостандығын өзінде қалдыруды және жеңіл жаза қолдануды сұрады.

Сот сотталушы М.-ны ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын  шектеу жазасын тағайындады.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі