Аудандық сотта жол - көлік оқиғасына қатысты істер бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың 15 қаңтарында Шиелі аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы М.Еркінбеков 2014 жылдың 12 айының қорытындысымен сот өндірісінде жол-көлік оқиғасына қатысты қаралған қылмыстық істер бойынша түсіндірме берді.

Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енген жаңадан қабылданаған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық процесстік кодексі, Қылмыстық атқару кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері қолданысқа енгізілгенін атап өтті.

 Аталған жаңадан қабылданған кодекстердің бұрыңғы кодекстерден айырмашылықтарын атап өтті.

Бұдан кейін журналистер қауымы төрағаға сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды.

Шара соңында сот төрағасы М.Еркінбеков БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі