Жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы А-ның қылмыстық ісін қарады.

Сот тергеуімен анықталғандай, сотталушы А. ғаламтор желісінің жарнамалық сайтына жалақысы 95 000 теңге жұмыс орнының бар екендігі жөнінде жарнама берген. Аталған жарнамаға сәйкес жәбірленуші Ж-мен ғаламтор желісі арқылы танысып сөйлесу барысында медициналық білімі барын, жұмысқа тұрғысы келетінін білген.

Сол уақытта сотталушы А. «Қызылорда облыстық денсаулық үйінде» қызмет атқаратынын, оны Қызылорда қаласындағы «балалар оңалту орталығына» жұмысқа орналастыратынын айтып алдаған.

Осыдан кейін, сотталушы А. жәбірленуші Ж-мен кездесіп жұмысқа орналастыратын қажетті құжаттармен бірге 250 000 теңгесін алдап алып өз пайдасына  жаратып, алаяқтық жасаған.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып және пробациялық бақылау белгіленіп, 240 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.                

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі