Жол көлік оқиғасын жасап, материалдық зиян келтірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 3 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы У. көлік құралын басқаруға құқынан айырыла тұра, «Мазда» маркалы автокөлігін басқарып келе жатырып, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай, «Renault duster» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жәбірленушіге А-ға мүліктік залал келтірген. 

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы У. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 31766 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі