Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611 бабының 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. «Toyota Windom» маркалы автокөлігін басқарып келе жатырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жол қозғалысы ережесінің 2.1.8 тармағын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің 611 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі