Жер кодексінің нормалары мен талаптарын бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дара кәсіпкер Қ-ға  қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 462 бабының 3 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ҚР Жер кодексінің нормалары мен талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп, нәтижесімен жеке кәсіпкер Қ-ға жер учаскесін сатып алу-сату туралы шартымен Қызылорда қаласында орналасқан жер учаскесі өзіндік кәсіпкерлікке негізделген шаруа қожалығын жүргізу үшін жеке меншікке табысталған жер учаскесін мүлдем пайдаланбай немесе жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбай, тиісінше жерді қорғау жөніндегі іс-шарларды жүргізбей отырғаны анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Құқық бұзушы дара кәсіпкер Қ. ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, жеке кәсіпкерлік қызметі 1 /бір/ айға тоқтата тұрып, 100 /жүз/ АЕК мөлшерінде 226 900 /екі жүз жиырма алты мың тоғыз жүз/ теңге айыппұл салынды.

Источник: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі