Жедел кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Сырдария аудандық сотының судьялары мен сот мамандарының қатысуымен жедел кеңес  өткізілді.

Жедел кеңесте сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, материалдық, процессуалдық заң нормаларының қолданылуы, сот актілерінің жазылу сапасы және сот актілерінің орындалу барысы талқыланды.

Сот төрағасы А.Абдулла судьяларға сот істерін қарау кезіндегі олардың мерзімдерінің сақталуын, созбалаңға салынбауын ұдайы бақылауда ұстауды, тоқтамдағы істерді, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қаралған істерді қатаң қадағалауға, сондай-ақ, баспасөз құралдары өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, жедел кеңесте сот кеңсесінің жұмысы және сот мәжіліс хатшыларының жұмыстарының ұйымдастырылуы талқыланды.     

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар