Жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жауапкерді ата-аналық құқығынан шектеу туралы шешім шығарды.

Ақтау қаласының қамқоршы және қорғаншылық жөніндегі фунцияларды жүзеге асыратын орган сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер Д-ның кәмелетке толмаған 2011 жылы туылған Е. есімді баласы бар екенін, жауапкер некеде тұрмайтынын, баланың анасы жол апатынан қайтыс болғанын, қазіргі таңда бала әжесінің тәрбиесінде, жауапкер Д. қызының тәрбиесімен айналыспағанын, алимент төлемейтінін, алимент бойынша берешегі 694 869 теңгені құрап отырғанын, осыған орай жауапкерді кәмелетке толмаған Е-ге қатысты ата-аналық құқығынан шектеу туралы талап арызды қанағаттандыруды сұрады.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі