Жаңақорған аудандық сотында партисипативтік рәсім тәртібімен азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы О-ның жауапкер Ж-дан ортақ балалары 3 жасқа толғанша алимент өндіру туралы азаматтық ісі партисипативтік рәсім (екі тараптың адвокаттарының жәрдемдесуімен тараптарды татуластырып, дауды реттеу) тәртібімен қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодексінің 181 бабының 1 бөлігінде, тараптар осы кодекстің 179 бабында көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы делінген.

Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша жауапкер Ж. талапты мойындап, 2017 жылдың шілде айынан бастап ай сайын әр айдың 05 жұлдызына дейін тараптардың ортақ балалары 3 жасқа толғанша алимент есебінен оның балабақша ақысын төлеуге міндеттенген, ал талап қоюшы О. осы партисипативтік келісім талаптарын қабылдап, талап қою арызынан бас тартып, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген. Партисипативтік келісімді екі тараптың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.

09 маусым 2017 жылғы сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.      

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі