Жаңақорған аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотталған Н., А. және И-дің қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар бөтен мүлікті бірнеше рет адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, аса ірі мөлшерде, пайдакүнемдік ұрлау мақсатында далалық жерде жайылып жүрген, іс бойынша жәбірленушілердің иелігіндегі 56 ірі қара малдарын жасырын ұрлап, сатып бас пайдаларына жаратып, 14 жәбірленушіге аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Сот талқылауында сотталушылар қылмыстық әрекеттерін мойындап, сот талқылауында зерттелген құжаттар және бейне көріністерден кейін қынжылып кешірім сұраған.

Аудандық соттың үкімімен  Н., А. және И. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеп 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі жазасы тағайындалды және талап қоюшы жәбірленушілердің пайдасына сотталушылардан келтірілген залалды өндірілуге шешім қабылданды.

Брифинг соңында төраға Н.Қосанов журналистерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі