Жаңақорған аудандық соты 2017 жылдың жартыжылдығын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясына жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің өкілі және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

Жаңақорған аудандық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 52 қылмыстық, 436 азаматтық және 268 әкімшілік іс қаралды. Медиация тәртібімен 23 азаматтық, 16 қылмыстық іс қысқартылды. Төраға Н.Қосанов сот төрелігін атқарудың сапасына баса назар аударып, істердің дұрыс және біркелкі қаралуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық сотта тұрақты түрде семинар сабақтары өткізіліп тұратыны мәлімдеді.

Төраға БАҚ өкілінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі