Жалған мемлекеттік белгісін тағып, көлік құралын басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. Арал қаласы, Жетес би көшесі бойында «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. 

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл салынды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі