Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің  307-бабының 1-бөлігімен  айыпталып сотқа берілген К.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Іс бойынша сотталушы К., жекеменшік үйдің бөлмесін жалға алып, ойын мекемесін заңсыз ашып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырған.

Сот талқылауында сотталушы К-ның  қылмыстық іс-әрекеті оның өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

Сот  үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім жарияланған соң, судья Қ.Мыханов  жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының өкілінің қатысуымен брифинг өткізді. Брифинг барысында жоғарыдағы іс бойынша ақпарат беріп, телеарна өкілінің қойған сауалдарына жауап берді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі