Заң түнгі уақытта алкоголь өнімін сатуға тыйым салады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында азаматша Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн бөлшек сауда арқылы, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Р. дүкенде этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімін сағат 21.00-ден кейін өткізген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензияның қолданысы 1 ай мерзімге тоқтатылды.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі