Заң нормаларын сақтау – әркімнің міндеті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөлігінде көзделген, сотқа құрметтемеушілік сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған азамат Л-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

1 маусым 2017 жылы Арал аудандық сотының №2 сот мәжілісі залында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен, 191 бабының 1 бөлігімен  қозғалған қылмыстық істі қарау барысында, процеске қатысушы- сотталушы Л. сот отырысына алкоголь ішімдік ішкен масаң күйінде келіп, сотты және судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін әрекетті жасаған.   

ӘҚБтК-нің 818 бабының 2 бөлігіне сәйкес, төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотты құрметтемеушілік фактісін анықтай отырып, факт туралы жариялай отырып, кінәлі адамға осы Кодекстің 653 бабында көзделген әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.

Осыған орай, сот оны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі