Әйелінің мазасын алғаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша,  құқық бұзушы Е.  арақ ішкен мас күйінде әйелі З.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы іс-әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Е-нің әрекеті өзінің мойындау түсінігімен, жәбірленушінің жауабымен және істегі жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Е. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі