Ұрып соққаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Н-ның жәбірленуші А-ның үйінің ауласына кіріп, болмашы себептерді желеу етіп, өзімен бірге ұстап жүрген пышағымен оның сол жақ бүйірінің тұсынан бір мәрте пышақпен ұрып, ауыр дәрежелі жарақатын салып, оқиға болған жерден бой тасалағаны  анықталды.

Сот үкімі бойынша сотталушы Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі