Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1- бөлігімен сотталушы М-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы М. жәбірленуші Б-ның «Play Station 4» үлгісіндегі ойын аппаратын  жасырын жымқырып ұрлап кеткен. Нәтижесінде жәбірленушіге жалпы құны 563 000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы М. өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, істі қысқартуды сұрады.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талабына сәйкес, медиатормен жасалған медиативтік келісімге сәйкес, тараптар медиация тәртібімен бітімге келді. Жәбірленушінің сотталушы М-ға қояр талап-тілегі жоқ, келтірілген залал орнына келген. Қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш жазбаша медиативтік келісіммен бекітілген.

Жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты сотталушы М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.      

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі