Ұлттық діни алауыздықты қоздыру белгілері бар ақпарат таратушыға үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда  қаласының  №2  соты сотталушы  Н-ның  қылмыстық   ісін қарады.

Сотпен анықталғандай, Қызылорда облыстық Ішкі Істер департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сотталушы Н. ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, ұлттық діни алауыздықты қоздыру белгілері бар ақпарат жеткізгіштерді электронды жәшігіне жариялы түрде орналастырып, таратқан.

Бас сот талқылауында сотталушы Н. кінәсін мойындамаған, бірақ куәлердің жауаптарымен, жасырын бақылау жедел-іздестіру шараларымен толық дәлелденген және 15.02.2017-жылғы сот-дінтанушылық сараптаманың қорытындысында № 1 санмен тіркелген дискіде діни топтардың арасында ұлттық, діни алауыздықты қоздыруды насихаттайтынын бекіткен.

Сот, сотталушы Н-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.    

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі