Темекі қалдығын тастағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған құқық бұзушы Б-ға қатысты  әкімшілік  іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. Қызылорда қаласының темір жол вокзалы жанында темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық  білдіретін  іс-әрекетті  жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық  дәлелденді.

Сот әкімшілік жаза тағайындау барысында, құқық бұзушының кінәсін мойындап, жасаған құқық бұзушылығына өкінетінін жеңілдететін мән-жай ретінде танып, ӘҚБтК-нің 819 бабының 2 бөлігін басшылыққа алып, оған салынатын 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі  22690 теңге айыппұлды 30 пайызға қысқартып, 15883 теңге айыппұл салды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан