Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында азаматша М-ға қатысты Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 130-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Аудандық сотқа жәбірленуші У-дың сотталушы М-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 130-бабының 2-бөлігімен айыптау туралы жеке шағымы келіп түскен.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы  М. жәбірленуші У-мен сөзге келіп, көпшілік алдында оның абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітіп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, қорлаған.

Басты сот талқылауында жеке айыптаушы У. азаматша М-мен  татуласқанын, оны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 130-бабынның 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасауда айыптаудан бас тартатындығын көрсетіп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш тапсырды. Өз кезегінде сотталушы кінәсін толық мойындайтынын жеткізіп, жәбірленушімен татуласқанын көрсетіп, істі тоқтатуды сұрады.

Соттың қаулысымен сотталушының жәбірленушімен  татуласуына байланысты жеке айыптау ісі тоқтатылды.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі