Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді. Брифинг аудандық сот төрағасы А.Абдулланың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Сот төрағасы А.Абдулла өз өндірісінде қаралған қылмыстық ісі жөнінде баяндады.

Сырдария аудандық сотының үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік лауазымдарды атқару және мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 50 (елу) еселенген сомасы мөлшерінде 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге айыппұл салынды.

Істің мән жайына сәйкес, Сырдария  ауданы прокурорының кінәні мойындау туралы процестік келісімінде көрсетілгендей, сотталушы С., «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай-Мекеменің) директоры, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам бола тұра, пара берушінің пайдасына жасаған қызметтік өкілеттігіне кіретін қамқоршылық әрекеті үшін ақша түрінде пара алу мақсатында, тікелей ниетпен өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болу мүмкін екенін және болмай қоймайтынын алдын-ала болжап біліп және осы зардаптардың болуын қасақана тілеп, өзі басқаратын мекеменің жаттықтырушысы Б-дан 50 000 теңге мөлшерде ақша түрінде жеке өзі пара алып, сыбайлас жемқорлық санатындағы ауырлығы орташа қылмысты жасаған.

Сотталушы С. процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдіріп, келтірілген айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге дауласпаған. Осыған орай Сырдария ауданы прокурорымен сотталушы және қорғаушы арасында 20.06.2017 жылы Тереңөзек кентінде процестік келісім жасалып, сотталушының мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салу жазасын тағайындауға келіскен.

Сондықтан сотталушыға кінәні мойындау туралы процестік келісімге сәйкес жаза тағайындалған.

Брифингті қорытындылаған сот төрағасы А.Абдулла шараға қатысушы БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.                                  

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі