Сырдария аудандық сотында «Атқару құжаттарын жолдау» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында «Атқару құжаттарын жолдау»  тақырыбында  семинар  өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Б.Бисенбай және  сот  қызметкерлері  қатысты.

Шара барысында кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Б.Бисенбай соттар мемлекеттік сот орындаушыларының құзыретіне қатысты атқарушылық құжаттарды электрондық форматта «Төрелік» АЖ мен АІЖО ААЖ арқылы Әділет департаменттеріне жіберетіндігін, онда бекітілген қызметкер атқарушылық құжатты өндіріп алу санаты бойынша тиісті аумақтық  бөлімге  бөлуді  жүзеге  асыратындығын  айтты.

Сонымен қатар, сот актілерінің орындалуы, орындау барысында қиындық туғызатын сұрақтар, мемлекет пайдасына өндірілетін сот актілерінің орындалуына ерекше назар аударылып, сот актілерінің орындалуына қатысты мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, электрондық атқару құжаттарын соттан жолдау және сот орындаушыларының аумақтық бөлімдерімен оларды тіркеуге қатысты мәселелер талқыланды.

Семинарға қатысушылар әділет органдары мен өңірлік сот орындаушылар палатасына электронды атқару құжатын орындауға жолдау кезінде туындайтын сұрақтарды талқылады.   

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан